Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
2023 жылдың 16 ақпаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жыр пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Мағжан оқулары өтті. Халықтың рухани болмысының алтын қазынасына айналған ақын жыры сол халықтың өзімен жасайды. Халықтың тілі, ділі өлмейінше оның жыры да мәңгілік, сол ұлттың жүрегінде, болмысында қан тамырының бүлкіліндей…
